13:18, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Обама Super Bowl-ды көруге Дженнифер Лопесті шақырды
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама әнші Дженнифер Лопес пен оның күйеуі Марк Энтониді (Marc Anthony) Ақ үйде АҚШ ұлттық футбол лигасының финалын - Суперкубок (Super Bowl) ойынын көруге шақырды, деп хабарлайды "Лента.ру" порталы Associated Press-ке сілтеме жасап.
Super Bowl - АҚШ -тағы Америка футболы бойынша жылдың басты ойыны 6-шы ақпанда өтеді. Онда Висконсин штатынан Green Bay Packers командасы мен пенсильваниялық Pittsburgh Steelers кездеседi. Ойын Техастағы Dallas Cowboys Stadium алаңында өтеді.
Лопес және оның күйеуінен басқа, Обама Ақ үйге Super Bowl-ды көруге елдің бас прокуроры Эрик Холдерді, саяси элита өкілдерін және висконсиндік және пенсильваниялық конгресмендерді, барлығы 100 адамды шақырды.