Обама Таяу Шығыс елдеріне сапарын Эр-Риядтан бастады

ЭР-РИЯД. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Барак Обама Таяу Шығысқа сапарын Сауд Арабстанынан бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Корольдікке жасаған қысқамерзімдік сапары барысында Америка Президенті Қос қасиетті мешіттің сақтаушысы король Абдалла ибн Әбдел Әзізбен кездеседі. Келіссөзге арқау болатын негізгі мәселелер таяушығыстық бейбіт үдерістер мен Иран мәселесі, атап айтқанда Тегранның «ядролық мәселесі» болмақ. Ал Сауд Арабстаны болса, Обама Израильге қатысты мығымдық танытып, Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу және екі тәуелсіз мемлекет құру мақсатында ол елге қысым көрсетеді деп үміттенуде. Маусымның 4-інде Барак Обама Каирге соғып, онда бүкіл әлем елдерінің мұсылмандарына үндеу жасайды деп күтілуде. АҚШ пен мұсылман әлемінің қарым-қатынастарындағы жаңа парақты ашуға негізделген бұл үндеуді жұртшылық асыға күтіп отыр. Мысыр сапарынан кейін Америка Президенті Германияға аттанады.
Соңғы жаңалықтар