Обама: Таяу Шығыста бейбітшілікке бастайтын қысқа жол жоқ

Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Таяу Шығыста бейбітшілікке қысқартылған кесте бойынша қол жеткізу мүмкін емес, деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында айтқан сөзінде.
None
None

Ассамблеяның күн тәртібінде - толқулар орын алып отырған араб елдеріндегі жағдай, сонымен қатар Палестина автономиясының өзін егемен мемлекет етіп тану туралы БҰҰ-ға үндеуі, деп хабарлады Би-Би-Си.

Обаманың пікірінше, ең алдымен палестиндықтар мен израилдіктер келіссөз үстеліне отырып, барлық түсініксіз мәселелерді шешіп алуы қажет.

«БҰҰ-ның жалғыз үндеулері мен арыздарымен бейбітшілікке қол жеткізу қиын», - деп қорытты Америка президенті.

Соңғы жаңалықтар