Обама тұңғыш рет мұсылманды федералды сот етіп тағайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама тұңғыш рет федералды сот лауазымына Құрама Штаттар азаматы болып табылатын мұсылманды тағайындады, деп хабарлады Politico.
Вашингтонда тұратын заңгер Абид Риаз Курешиді Ақ үй Колумбия округтік федералды соты етіп белгіледі.
«Куреши мырзаны Құрама Штаттар федералды соты қызметіне тағайындағаныма қуаныштымын. Ол Америка халқына адал және әділ қызмет етеріне сенімдімін», - деді АҚШ президенті.
Куреши денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтармен және құнды қағаздармен айналысатын Latham&Watkins LLP фирмасында жұмыс істейді. Ол 1997 жылы Гарвард Университетінің Құқық мектебін бітірген.
Енді оның кандидатурасы нақты қабылдануы және бекітілуі тиіс.