Обамадан жеңілген Ромни президент сайлауына қатысуға дайын екенін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика партиясынан сайлауға қатысқан Митт Ромни АҚШ Президенті болу үшін қайта таласуға әзір екенін жариялады, деп жазады ВВС.
None
None

Ромни 2012 жылы Республикалық партиядан үміткер ретінде президенттік сайлауға қатысқан. Алайда, екінші мерзімге қайта сайланып жатқан президент Барак Обамадан жеңіліп қалған болатын.

Ол сондай-ақ, 2008 жылғы сайлау науқанында Джон Маккейден жеңілген еді. Үшінші рет бағын сынап көру ниеті туралы Митт Ромни Республикалық партияның өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Дегенмен, соңғы шешімді қашан қабылдайтыны жайлы нақты айтылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар