10:09, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Обаманың әйелі Мишельге Ақ үйдің алдында ән салуға тура келді
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақ үй алдында елдің басты рождестволық шыршасының шамын жағу дәстүрін 1923 жылы АҚШ-тың 30-шы президенті Джон Калвин Кулидж қалыптастырып, ол осы күнге дейін өзгеріссіз келеді.

Осы жолғы 90-шы шырша шамын жағу шарасын АҚШ Президенті өзінің әйелі Мишель мен қыздарына сеніп тапсырды, деп хабарлады Утро.ру.
Барак Обама «бес, төрт, үш, екі, бір» деп санағаннан кейін Вашингтондағы елдің бас шыршасының мыңдаған шамы жарқырады. Мерекелік көңіл күй шараға жиналған қауым арасында жылдам тарады. Оны «Santa Clause is Coming to Town» әнін шырқай жөнелген Президент қыздыра түсті. Әнді өзі бастаған Барак әйелін қосылуға шақырған еді. Дегенмен көпшілік алдында ән айтуға қысылған Мишель күйеуіне қарай үлкен, одан кейін кіші қызын жөнелтті. Әрине, мұны жеткіліксіз санаған Барак әйелін ән шырқауға көндірді. Мұндай тамаша көрініске жиналған қауым ризашылық танытып, оларға зор қошемет көрсетті.