21:30, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Обаманың есімі Кениядағы жаңа туған нәрестелерге беріліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда кешелі-бүгінді дүниеге келген бірнеше нәрестеге түп тамыры осы топырақтан бастау алатын АҚШ президенті Барак Обаманың аты берілді.

Бұл туралы «Маяк» радиостансасына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады. Кенияда жаңадан туылған бірнеше шарананың аттары АҚШ президенті Барак Обаманың құрметіне оның есімімен аталды. Соның ішінде екі балаға Ақ үй қожайыны лайнерінің аты қосы берілді. Олардың бірінің толық аты-жөні AirForceOne Barack Obama болса, екінші ұлға «Нөмірі бірінші борт» деген мағынаны білдіретін ат пен фамилия беріліпті, деп жазады egemen.k.