Обаманың қызы кинокомпанияға жұмысқа тұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың үлкен қызы Малия The Weinstein Company (TWC) америкалық киностудиясында ақылы тағылымдамадан өтуде. Бұл туралы TMZ компанияның дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Обаманың қызы кинокомпанияға жұмысқа тұрды

Порталдың ақпаратына сүйенсек, Малия жобалау бөлімінде жұмыс жасайды. Ол сценарийлерді оқып шығып, ары қарай жүзеге асыру үшін таңдап алумен айналысады. Дереккөз атап өткендей, Обаманың қызының тағылымдамасы көктемнің соңына дейін жалғасады.

Басылымның болжамына сүйенсек, 18 жастағы Малия сағатына тоғыз доллар алады.

Фото: Olivier Douliery / CNP / AdMedia / Globallookpress.com