Объективке биік жартастан секірген таутеке ілікті
АСТАНА. KAZINFORM - Асқар таулар, тік жартастар мен қарлы шыңдар – Сібір тауешкісінің (Capra sibirica) табиғи мекені, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ерекше ептілігі мен төзімділігінің арқасында таутекелер адам аяғы жете бермейтін құздарда еркін қозғалады. Қақаған аяз бен қатал табиғи жағдайларға бейімделген бұл жануарлар Қазақстанның таулы аймақтарын мекендейді.
-Таутеке – еліміздің биологиялық алуантүрлілігінің ажырамас бөлігі,-деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Осыған дейін Алматы табиғи қорығында фототұзаққа таутекелердің текетіресі түсіп қалғаны туралы жаздық.