Обырға қарсы дәрі жасап жатқан ғалым Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті болды

дос сарбасов
Фото: Forbes.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Дос Жұрмаханбетұлы — онкологиялық аурулармен күрес саласындағы әлемдегі жетекші ғалым. Ол кеше Қазақстан ұлттық ғылым академиясының вице-президенті болып тағайындалды. 

Профессор Дос Сарбасов — Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы, биохимия және молекулалық биология ғылымдарының кандидаты (АҚШ). 

Доктор Сарбасов ұзақ уақыт америкалық MD Андерсон онкология орталығында жұмыс істеп, 27 жылдан кейін Қазақстанға оралды.

2020 жылдан бері профессор Назарбаев Университетіндегі National Laboratory Astana зертханасын басқарады. 

Командасымен бірге профессор қатерлі ісіктің КRАS-мутантты түрлерін емдеуді аяқтауды көздеп отыр.

Ол С дәруменінің жоғары дозадағы D-формасының (D-VC) шағын концентрациядағы күшаламен (arsenic trioxide, ATO) қосындысына негізделген.

Сарбасов 80-нен астам ғылыми жарияланым мен 37 қолжазбаның авторы, mTOR ақуызының өсудегі, жасушалардың көбеюіндегі, мРНҚ транскрипциясындағы және жасуша ішіндегі ақуыз биосинтезіндегі рөлін ашушылардың бірі.

Америкалық биохимия және молекулалық биология қауымдастығының, Президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар