10:01, 21 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Облыс әкімдері Азық-түлік корпорациясына астықты толық көлемде жеткізуі керек - АШМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімдері Азық-түлік корпорациясына астықты толық көлемде жеткізуі керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21 қыркүйектегі жағдай бойынша Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 119 мың тонна астық жеткізілді. Бұдан бөлек Азық-түлік корпорациясының 426 мың тонна көлеміндегі резервтік астық қоры бар. Аталған астық көлемі, қажет болған жағдайда, ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады», - деді министр.
Осыған байланысты Ербол Қарашөкеев Үкімет басшысы Асқар Маминнен облыс әкімдеріне Азық-түлік корпорациясының ресурстарына форвардтық сатып алу аясында астықты толық көлемде жеткізуді тапсыруын өтінді.
«Егін жинау және астық қабылдау жұмыстарын жүргізу мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында», - деді ол.