Облыс әкімі жас журналистерді қабылдады
ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов халықаралық балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының ?Бақытты жұлдыз астында? атты Y медиафестиваліне қатысып, бас жүлдемен оралған батысқазақстандық жас журналистердің бір тобымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Медиафестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған ?Өркен? қосымша білім беру орталығынан шығатын ?ЖасАРТ? газетінің жас қаламгерлері мен облыстық ?Қазақстан-Орал? телеарнасының ?Большая перемена? бағдарламасының жас тележурналистері облыс басшысына байқаудан алған әсерлерін әңгімелеп берді, естелік сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде әкім байқау жеңімпаздарын мемлекеттік тілді терең игеруге үндеп, алда да егемен еліміздің тұғырын бекітуге шығармашылықпен үлес қосуға шақырды.
Кездесуде облыстық телеарна жанынан арнайы балалар студиясын ашу жөнінде айтқан ?Қазақстан? РТРК? АҚ облыстық филиалының директоры Асланбек Ғұбашевтің бұл ұсынысын облыс әкімі қолдайтындығын білдірді.