Облыс басшысы алыс аудандардың тыныс-тіршілігімен танысты

ОРАЛ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Жәнібек, Қазталов аудандарының тыныс-тіршілігімен танысты,

Облыс басшысы алыс аудандардың тыныс-тіршілігімен танысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеше облыс басшысы Жәнібек ауданында болып, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Аудан активімен кездесіп, Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты биылғы Жолдауына сәйкес алда тұрған міндеттерді атап көрсетті. Бүгін Қазталов ауданына келген Бақтықожа Салахатдинұлы жаңадан салынған коммуналдық үйде, халыққа қызмет көрсету орталығында және басқа маңызды нысандарда болып, аудан активінің жиналысына қатысты. Әкімнің жұмыс сапары бұдан кейін оңтүстік аудандардың бірі ? Жаңақалада жалғаспақ.