08:05, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Облыс басшысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастарды қабылдады
ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания мен Түркия елінде оқып жатқан студенттерді қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Электроника, құрылыс, дизайн, еңбекке орналастыру, қоғамдық қызмет саласында білім алып жатқан жастарды облыста қандай мамандықтарға сұраныс барлығы қызықтырды. Облыс басшысының айтуынша, өңірде агроөнеркәсіп, машина жасау, мұнай-газ, әлеуметтік сала сынды төрт бағытты дамытуға күш салынуда. Осы сала мамандарына қоса дәрігерлер жетіспейді. Өндірісте 47 инновациялық жоба жүзеге аспақ. Бизнесті дамытуға да білікті мамандар қажет.
Жылы шырайлы өткен кездесуде өз ісін жақсы меңгерген маманның қай уақытта да жерде қалмайтыны атап көрсетілді.