Облыстардағы басшылық үйірлі емес шегірткелермен күресті жүргізуге селқостық танытуда - АШМ
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Облыстардағы басшылық зияны елеулі болғанымен үйірлі емес шегірткелерге қарсы шараларды жүргізуге құлықсыз.
Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде болған баспасөз мәслихаты кезінде Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы, бас инспектор Серік Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Былтыр үйірлі емес шегіртке зиянкестері 125,5 мың гектар жерге таралып, ауыл шаруашылығына біраз шығын келтірген болатын. Биыл 441 мың гектар аумақты шарпиды деген болжам бар. «Республикалық бюджетте үйірлі шегірткелерге қарсы шараларға қаражат қарастырылмайды. Облыс басшылықтары да бұл мәселеге атүсті қарайды. Менің айтарым, үйірлі емес шегірткелердің зияны үйірлі зиянкестерден кем түспейді. Себебі, олар кейін топтасып егістік, шабындықтарға ауып кетіп жатады. Сондықтан жергілікті әкімшіліктердің осы жайтқа көңіл бөлгені жөн», - деді С.Сүлейменов.2009 жылы осы шараларға тек Павлодар облысы ? 30 млн. теңге, Қызылорда облысы ? 2,7 млн. теңге және ОҚО-дағы Кентау қаласының басшылығы 300 мың теңге қаржы бөліп отыр.