Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтілді
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы
нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтілді, деп хабарлады ресми БАҚ-тар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылдың 24 сәуірінен №516 бұйрық
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Аталған қағидалар республикалық БАҚ-да жарияланды.