Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы 7 млн .теңге пара алып ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық тексеру комииссиясының төрағасы 7 млн. теңге пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері тексерудің оң актісін жасап бергені үшін 7 млн. теңге сомасында пара алған ОҚО тексеру комиссиясының төарғасы С.Шалабай мен комиссияның бас аудиторы Б.Құдияровтың қылмысын әшкереледі»,- делінген ұлттық бюро таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, С.Шалабай ұсталып, Шымкент қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Ал кінәсін толығымен мойындап, қылмысты ашуға көмектескені үшін Б.Құдияров қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.