Обуховода допты хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты басталды

ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу түбіндегі Обуховода 23 жасқа дейінгі жастар арасында допты хоккейден әлем чемпионаты басталды.

Обуховода допты хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты басталды

Дүниежүзілік додаға Ресей, Швеция, Финляндия, Норвегия және Қазақстан құрамалары қатысуда.

Қазақстан құрамасының негізін «Ақжайық» командасының ойыншылары құрайды. Қазақстандықтар алғашқы ойынын финдермен өткізуде. Түстен кейін ресейліктермен күш сынасады.