Обырдан болатын өлім динамикасы төмендеді – Денсаулық министрлігі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда онкологиялық ауруларға шалдыққандардың басқа жаққа барып ем іздеуі өткен жылдармен салыстырғанда 3 есеге азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өңірде обыр ауруымен 4964 маңғыстаулық диспансерлік есепке алынған. Ісіктің басым бөлігі сүт безі, жатыр мойны ісігі, өңеш, асқазан және ішек жолдарынан анықталған.

«Ғылыми деңгей өспейінше жақсы жұмыс атқару мүмкін емес. Себебі қазіргі таңдағы медициналық құрал-жабдықтардың өзіне талап өте жоғары. Кез келген адам жұмыс жасай алмайды. Барлық индекаторлар, науқастарды табу, оларды емдеу болсын, барлық жағы бізде жолға қойылған. Басқа жаққа кететін науқастардың санын азайттық. 3 есеге дейін азайтылып отыр. Облысымызда КТ, МРТ аппараттары жетеді»,- деді Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансердің басшысы Нұрлан Жариев.

Айта кетейік, өңірдегі онкологиялық диспансерде бүгінде 60-қа жуық маман қызмет етеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, онкологиялық науқастардың жартысынан көбі (53,4%) бес жылдық өмір сүру шегінен асады және бұл көрсеткіш жыл сайынғы оң динамикаға ие. Обырдан болатын өлім-жітімнің төмендеу динамикасы 17,3%-ды құрайды. Егер 2021 жылы өлім-жітім 368 жағдайды немесе 100 мың адамға шаққанда 50,5-ті құраса, 2022 жылы - 312 жағдайды немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 41,3 жағдайды құрады.


Соңғы жаңалықтар