Одақтас елдер ардагерлерінің алдында бас иеміз - АҚШ елшісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол ҰОС ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы елшіліктің Инстаграмдағы парақшасында хабарланды.
None
None

«Аса құрметті ардагерлер! Сіздерді Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы мен Америка халқының және жеке өз атымнан адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 72 жыл толуымен құттықтай отырып, отбасыларыңызға, сонымен қатар Қазақстанның барша халқына зор денсаулық, бейбіт және өркендеу тілеймін. Сіздер жеткен жеңіс жауға жұмыла қарсы тұрсақ қана жауыздықты жоя алатынымызды айқын етті. Біз одақтас елдердің ардагерлерінің алдында басымызды иеміз және еркіндік пен бейбітшілік үшін күрес жолында құрбан болып, өмірден өткен адамдардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!» - деді бейне құттықтауында елші.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ елшісі бастаған елшілік қызметкерлері 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай құттықтау жолдап, Әнұранымызды орындаған болатын .

Біз одақтас елдердің ардагерлерінің алдында басымды иеміз және еркіндік пен бейбітшілік үшін күрес жолында құрбан шегіп, өмірден өткен адамдардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🤝🇺🇸🇰🇿 Сегодня, в 72-ую годовщину конца самой разрушительной войны в истории человечества,мы склоняем головы перед ветеранами этой войны и смотрим в будущее, чтобы совместными усилиями преодолевать трудности. 🤝🇺🇸🇰🇿 Today on the 72nd anniversary of the end of the most destructive war in human history, we salute all the veterans of that war and dedicate ourselves to work together to solve the conflicts of our time.

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz) Май 9 2017 в 2:25 PDT

Соңғы жаңалықтар