Одесса облысының губернаторы Саакашвили отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили отставкаға кететінін хабарлады. Бұл туралы дүйсенбі, 7 қарашада ол брифинг барысында айтты, деп хабарлады Lenta.ru «112 Украина» телеарнасына сілтеме жасап.
«Отставкаға кетіп, күрестің жаңа кезеңін бастауды жөн санадым. Мен қауқарына қарай, сосын қажетіне қарай жүретін сарбазбын», - деді Грузияның бұрынғы президенті. Оның айтуынша, Украина бойынша «украиндық революция идеясын сатып кеткен Майдан құрбандарын, сарбаз қанын капиталға айналдыратын жемқорлар билік етуін жалғастырып жатқанда, бір өңірде жағдайды түзеу күрделі».