Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Одиссея» R рейтингіндегі фильмдер бойынша жаңа кассалық рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі әлемдік прокат бойынша 1,34 млрд доллардан астам қаражат жинап, тарихта R рейтингіндегі фильм ретінде рекорд орнатты, деп хабарлайды World of Reel

«Одиссея» установила новый кассовый рекорд среди фильмов с рейтингом R
Фото: Росбалт

«Одиссея» 1,33 миллиард доллар жинаған «Дэдпул және Росомаха» (2024) фильмін басып озып, R рейтингісі бар фильмдер тізімінде бірінші орынға көтерілді.

«Одиссея» сондай-ақ Кристофер Ноланның мансабындағы ең кассалық фильм атанды.

Режиссердің бұрынғы рекорды «Қара рыцарь: Аңыздың жандануы» болды. Ол әлемдік прокатта 1,08 млрд доллар жинады.

Осыған дейін «Өрмекші адам: Жаңа күн» тарихта ең сәтті дебюттік фильмдердің біріне айналғанын жаздық.