Огайдың мақсаты «Жетісу» командасын премьер-лигаға қайтару

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Жетісу» футбол командасы өткен жылы ел чемпионатынан тыс қалған болатын. Биыл бірінші лигада өнер көрсететін жетісулық теңбіл доп шеберлерінің негізгі мақсаты премьер-лига сапына қайта оралу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы мақсатта Алматы облысының әкімі Амандық Баталов командаға білікті   бапкер етіп Дмитрий Огайды тағайындаған болатын. Д.Огай бұған дейін «Ертіс», «Тобыл» командаларын чемпиондыққа жеткізген.  Осындай жетістікке жеткен тәжірибелі бапкерді арнайы шақыртқан өңір басшысы «Жетісу» командасын жақсы көрсеткішке жеткізуін тапсырған еді.

«Д.Огайдың мақсаты - «Жетісу» футбол командасын премьер-лига сапына қайта қосу. Өздеріңізге белгілі, соңғы екі жылда бұл команданың бағы аса жанбады. 2015 жылы әупірімдеп жүріп, премьер-лигада қалғанын футбол жанкүйерлері жақсы біледі. Ал 2016 жылы олар ел чемпионаты қатарынан шығып қалды. Енді Д.Огай облыс әкімінен нақты тапсырма алды. Бірінші лигада топ жарып, премьер-лигаға қайта оралулары тиіс», деді Алматы облыстық дене шынықтыру  және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев.

Сондай ақ басқарма басшысының сөзінше, «Жетісу» футбол клубының салық алдында да төленбеген қарыздары болған. Қазір ол мәселе де шешімін тапқан. Енді өңір басшының қолдауын көріп отырған футбол командасы атқарылған үмітті ақтайды деген сенім білдіруде.

 Қазір «Жетісу» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жақында елге оралады.

Соңғы жаңалықтар