Огайо штатындағы атыс: 7 адам қаза тапты, ішінде балалар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Огайо штатындағы атыс салдарынан бірнеше адам ажал құшты, деп хабарлайды американдық БАҚ.

Огайо штатындағы атыс: 7 адам қаза тапты, ішінде балалар бар

Әлі анықталмаған деректерге қарағанда, кем дегенде 7 адам атыс құрбаны болған, олардың арасында балалар бар.

Полиция оқиға болған ауданға, Цинциннатидің шығыс жағындағы Пайктонда шұғыл жетіп, жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде бірнеше мектеп Пайктондағы жағдайға байланысты ешкімді не шығармай, не кіргізбей отыр.