Огайода жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Огайо штаты Уоррен округінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Ұшақ орман алқабына құлады. Полиция ақпаратынша, қаза тапқандардың кім екені әзірге анықталмады. Құқық қорғау органдары оқиға орнына көлік қауіпсіздігі бойынша ұлттық кеңес мүшелері мен АҚШ азаматтық авиациясы федералдық басқармасының өкілдері келеді деп күтуде. 

Фото: © СС0 Public Domain

Соңғы жаңалықтар