Огайодағы атыс: үш адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

НЬЮ -ЙОРК.ҚазАқпарат - Сенбі күні Кливлендте (Огайо штаты) белгісіз біреу оқ жаудырды, үш адам қаза тапты, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

Огайодағы атыс:  үш адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

Қалалық полиция бөлімінің мәлім етуінше, бір адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуінің өмірін дәрігерлер құтқара алмады.