Өгей әкесі соққыға жыққан бала қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өгей әкесінен таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 жастағы бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, ол аса ауыр жарақат алуына байланысты осы бөлімге жатқызылған болатын», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға туралы мұның алдында жазған едік.

23 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында 2 жасар баланың ес-түссіз ауруханаға түскенін медицина қызметкерлері полицияға хабарлаған. Осыған байланысты полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен сұрақ-жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу барысында ұлды өгей әкесі ұрғаны анықталды. Анықталғанындай, баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі оны ұрып-соққан.

Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған. Осыдан 1,5 ай бұрын Алматы облысынан қалаға көшіп келіп, «Көкқайнар» шағын ауданында тұрып жатқан.

«Қазір бұл жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Бұрын ол бірнеше рет ұрлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған», - деді Ләйла Әліпбаева.

Соңғы жаңалықтар