Окинава әуежайында тайфунға байланысты барлық рейстер тоқтатылды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Күшті дауылдың салдарынан Окинава әуежайында барлық рейстерді тоқтатуға тура келді. Апат бүгін оңтүстік жапон аралдарына жетуі тиіс.
None
None

Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, «Фитоу» тайфуны әуежайдан шамамен 200 шақырым қашықтықта. Ондағы желдің жылдамдығы - сағатына 137 шақырым. Дауылдың соңы торнадаға ұласуы мүмкін деген қауіп бар.

Қытай билігі тайфун жоғары қауіпті деңгейде болады деп отыр. Метеорологтардың болжамынша, «Фитоу» ҚХР жағалауларына ертең жетеді. Тайфун Тайваньға да жетіп, онда қатты жауын болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар