ОКҚ директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің өкімімен «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев тағайындалды.

ОКҚ директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды

Кемелбек Ойшыбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Geneva Business school бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Столичное обозрение» газетінің тілшісі болып бастады. 1999 жылдан ҚР экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің «МАТО» РМК баспасөз хатшысы болып жұмыс жасады.

2001-2007 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ-да басшылық қызметтерде болды. 2007-2009 жылдары - «TNS Plus» бас директоры.

2009-2011 жылдары - «2 Day Telecom» ЖШС-ны басқарды. 2011-2014 жылдары - «Altyntau Resources» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2014-2015 жылдары - «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары. 2015 жылғы ақпаннан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.