Оклахома штатында жолбарыс зообақ қызметкерін тістеп алды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Оклахома штатының Виннвуд қаласында жолбарыс жергілікті зообақ қызметкерін тістеп алды, деп хабарлады РБК.
None
None

Әйел жолбарыс клеткасына алақанын сұққан, ол оны тістеп, клеткаға сүйреуге тырысты. Зообақтың басқа қызметкерлері жолбарысты қуып, әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны ауруханаға жеткізді.

Қазіргі кезде әйел ауруханада жатыр, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп мәлімдеуде.

Жолбарыс басқа аңдардан бөлінді. Мекеме басшылығы енді оған қатысты қандай шара қолданатынын әзірге хабарлаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар