ОҚО әкімі Арбат салуға қатысты халықтың ұсынысын тыңдады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қошқар ата, ескі қалашық және Шымкент қаласында салынатын арбаттардың жобаларымен танысты. Шаһар орталығынан Арбат салу бойынша халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО әкімі Арбат салуға қатысты халықтың ұсынысын тыңдады

Бұған дейін өңір басшысы Шымкент қаласындағы тарихи маңызға ие нысандары мен Арбат салуға болатын көшелерді аралап шығып, туристік жобаларды жүзеге асыру бойынша сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берген болатын. Солардың бірі «Қошқар ата» өзенінің бойынан саябақтар мен аллеялар, ескі қалашық маңынан ашық аспан астындағы мұражай салу жұмыстары еді. Мамандар жоба бойынша аталған аумақтардағы бірқатар жеке тұрғын үйлер, комерциялық нысандар мен жекешелендірілген жалпы аумағы 5,55 гектарды құрайтын жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу жұмыстарын атқару керектігін жеткізді. Облыс әкімі шараға қатысқан жергілікті тұрғындарды алдағы уақытта атқарылатын осындай шаруаларға түсіністікпен қарауға шақырды.
null

«Шымкент қалашығының көне археологиялық кешенін мұражайландыру мақсатында биыл жылы бірқатар жұмыстарды атқаруымыз тиіс. Оның ішінде, белгіленген жоспар бойынша 118 нысан мемлекет мұқтажына алу жұмыс жүргізіледі. Бұл нысандар Қарасу өзенінің бойында 30 метр қашықтықта орналасқан. Осындай жақсы жаңалықтармен бөлісіп өздеріңізбен талқылауды жөн көріп отырмыз. Сіздерді оңтайлы ой-пікірлеріңізді ортаға салуға шақырамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null

Өз кезегінде қоғам белсенділері мен қала тұрғындары атқарылып жатқан шаруаларға халық дән риза екендіктерін жеткізді. Әсіресе, қараусыз қалған өзен бойындағы абаттандыру жұмыстары көптің көңілінен шыққан.

«Бүгінде әкімдіктің араласуымен Қошқар ата өзенінің мәселесі Ордабасы алаңына дейін шешілді деп айтуға болады. Ендігі проблема Ескі қалашық маңындағы жеке тұрғын үйлер болып отыр. Кеңес үкіметі кезінде қазіргі 21 мөлтекауданда жер үйлер болған. Олар кезең-кезеңімен сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Тәуелсіздік алған жылдары бұл жұмыстар тоқтап қалды. Меніңше осындай тәсілмен Ескі қалашықты да жаңартып алуымыз керек», - деді өлкетанушы Кеңес Исмайлов.
null

Сондай-ақ, жиында сөз алған қоғам белсендісі Жанысбек Өтеген саябақтар мен арбаттарға қазақ халқының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғаларға арнап ескерткіш қоюды ұсынды. Өңір басшысы айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді.