ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Б. Атамқұлов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Облыс әкімімен кездесуге келген өңір тұрғындары жұмыспен қамту, коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша арызданып, ұсыныс, тілектерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесіне қаныққан аймақ басшысы көтерілген сауалдар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.