ОҚО әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ЭКСПО билеттерін сыйға тартты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Рамазан айының алғашқы күнінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО әкімі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ЭКСПО билеттерін сыйға тартты

Министр балалар үйіне соңғы үлгідегі медициналық физиокабинетке арналған «Бином» медициналық құрылғысын сыйға тартса, өңір басшысы 20 тәрбиеленушіге «ЭКСПО -2017» көрмесінің билеттерін тарту етті.
null

«Мұнда балалардың ештеңеге алаң болмай өсуіне, оқуына, жалпы азамат болып қалыптасуларына барлық жағдай жасалынуы тиіс. Сондықтан мекеме қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Ол сондай-ақ балалардың Астанадағы халықаралық көрмеге барып-қайту шығындарын да өз есебінен жүзеге асыратынын жеткізді.
null

Айта кетейңк, бұл мекеме жыл басынан бері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қамқорлығына алынған болатын. Қазіргі таңда мұнда 3 жастан 11 жасқа дейінгі 68 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленеді. Балалар үйінде оқу-тәрбие жұмысы толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Онда  би, вокал, қол өнер үйірмелері жұмыс істейді. Үйірмеге 58 бала қатысады. Сабақтан тыс уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Балалар оқу құралдармен толық қамтылған.