ОҚО әкімі өңірдегі киностудияларды бірігуге шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі кинорежиссерлар мен анимация саласының мамандарымен кездесті. Өнер майталмандарымен болған жүздесуде күнгейдегі кино мен анимация саласының дамыту жолдары талқыланып, алдағы жоспарлары айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Айта кетейік, елімізде кино индустриясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы екінші орында болса, анимациялық фильмдер түсіруден көш басында. Бүгінде өңірдегі жеке киностудиялардың 40-тан астам кино туындысы мен 51 анимациялық фильм көрерменге жол тартқан.            Шығармашылық өкілдерімен болған отырыста өңір басшысы кино саласы қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі екенін айтып, соңғы жылдары елімізде киноға және оның сапасына көңіл бөлініп келе жатқанына тоқталды.

«Шымкент қаласында кино мен анимация саласы қарқынды дамып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында биыл қомақты қаржы бөлінуде. Сапалы әрі тәрбиелік мағынасы жоғары сценарий мен кәсіби режиссер сапалы фильмнің кепілі. Сондықтан да біз білікті кадрлар дайындау жұмыстарын қолға алуымыз қажет. Сонымен қатар, Оңтүстіктегі кино студияларды біріктіріп, ортақ құнды дүние жасап шығаруды ұсынамын. Бұл қазақ кино индустриясының дамуына септігін тигізіп, республика көлемінде Оңтүстіктің атын шығаруға, халықаралық деңгейде Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді»,-деді әкім.

Жиында зиялы қауым өкілдері, жазушы Мархабат Байғұт пен Нұрғали Ораз бүгінгі фильмдердегі тіл тазалығы, тақырып өзегін әдебиетке негіздеу, облыс орталығынан балалар мен жасөспірімдер киностудиясын салу туралы толғаныстарын айтты. Сондай-ақ, қаламгерлер бүгінде елімізде отандық киноны дамытуға мемлекеттен қолдаулар көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. Жансейіт Түймебаевты осы саланы дамытуды қолға алып, кинорежиссерлармен кездесіп отырған алғашқы әкім екенін жеткізді.

«Сізбен өткен кездесу шығармашылық ұжым жұмысына, жаңа идеялардың тууына серпін береді. Біздің проблемамызбен қанығып, қазақ индустриясының дамуы жайында айтқан ой-пікіріңіз біз үшін маңызды»,-деді  «Сақ» киностудиясының директоры, режиссер Нуриддин Паттеев.

Соңғы жаңалықтар