ОҚО әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін ОҚО әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ОҚО әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарына сәйкес, ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлегеннің пара алу фактісіне байланысты жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін және белгіленген қызметтік міндетін орындамағаны үшін ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «сөгіс» түріндегі жауапкершілкке тартылды», -деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аталған тәртіптік іс облыстың ішкі саясат басқармасына жетекшілік ететін Сәдібековке қатысты қаралған.

Еске сала кетейік, Болатбек Төлегеннің жемқорлық әрекеті қазан айында, жүргізушісі арқылы 2,1 млн теңне көлемінде пара алып жатқанда  әшкере болған.  

Қазір аталған іс соттың қарауында.