ОҚО: Әлем чемпионы үйленді

Чемпионның қуанышына орай шағалалы ауданға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы, жергілікті билік өкілдері келіп, арнайы құттықтауларын жеткізді. Спортшының ұстазы, Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Арман Қарсыбаев та жас жұбайларға бақытты ғұмыр тіледі. Тойда сондай-ақ әлемдегі ең мықты командалардың бірі, "Шардара Армспорт" спорт клубының спортшылары, Азияның абсолютті чемпионы Берік Тағабаев, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұржан Төреқұлов, Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Сейфулла Нұрхалықов бастаған әлем чемпиондары, Азия чемпиондары да әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді. Ал, эстрада жұлдыздары Қайрат Түнтеков пен Қуатжан Базарбаев ән мен әзілден шашу шашты. Осылайша Шынболат пен келіншегі Гүлайымның дүбірлі тойы кең көлемде аталып өтілді.
Айта кетейік, армлестинг бәсекесі бойынша Қазақстан намысын қорғап жүрген Шардараның шымыр жігіттерінің арасында Шынболат Райханов әлемдік додаларда жеңімпаз атанып жүрген спортшы. Ол бүгінде Әлемнің екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері.