ОҚО-да 11 жасөспірім суицидтен көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 89 бала өз-өзіне қол салып, өмірімен қоштаспақ болған. Олардың 53-не дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалды. Өкінішке қарай, 11 жасөспірім суицидтен көз жұмды. Бұл туралы бүгін өңірдің психолог мамандары облыстық жастар орталығында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Психологиялық семинар барысында тәжірибеші- психолог Айсұлу Бөрібаева кәмелет жасына толмаған балалардың суицид жасауы мамандарды қатты алаңдатып отырғанын айтады. Өз-өзіне қол жұмсау деректерінің алдын алу шараларын қолға алу қажеттігін  атап өтті. Жоғары сынып оқушылары мен оқу орындарындағы жастардың басын қосқан семинарда сондай-ақ ерте жүктілік мәселесі де сөз болды.

Өткен жылы өңірде кәмелетке толмағандар арасында 751 жүктілік дерегі тіркелсе, оның 30 пайызы облыс орталығында орын алған.

«Бұл семинардың мақсаты жастарды салауатты өмір салтына шақыру болып табылады. Қазір психолог мамандар білім беру мекемелерінде арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі жағдайларды мысалға келтіруде. Бүгінгі күнге дейін 270 жас психологтың көмегіне жүгінді. Біз осы жұмыстар өскелең ұрпаққа көмегін тигізіп, жаман әдеттерден аулақ жүруге септігін тигізер деген сенімдеміз»,- дейді А. Бөрібаева. 

Соңғы жаңалықтар