ОҚО-да 120 телефонды қолды еткен ұрылар тобы ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ұялы телефон ұрлығына қатысты 850-ге жуық қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да 120 телефонды қолды еткен ұрылар тобы ұсталды

Ішкі істер қызметкерлері байланыс құралдары негізінен халық көп жүретін орындар мен базарларда, қоғамдық көліктерде қолды болатынын айтуда.

Ұялы телефон ұрлығына сараптама жүргізген тәртіп сақшылары байланыс құралдарынан  көбіне әйелдер мен балалар айырылып қалатынын атап өтуде.  Облыстық ІІД-нің арнайы құрылымдары ұрлықтың осы түрін кәсіп еткен екі бірдей қылмыстық топ мүшелері мен 3 әккі ұрыны  қолға түсірді. Бүгінгі таңда ұсталғандардың 120 телефон ұрлығына қатыстылығы анықталды.

Қазіргі таңда сезіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің «тонау» және «Қылмыстық топ құру» баптарымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар іс сотқа жолданып, қылмыскерлер тиісті жазаларын алды.