ОҚО-да 13 жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды
Шардара аудандық ІІБ-ның жедел із кесушілері мәйіттің түр-тұлғасын қарау барысында оның механикалық асфикция (тұншықтыру) нәтижесінде қайтыс болғанын әрі марқұмның Мақтарал ауданының 1961 жылы туған тұрғыны екенін анықтады. Аталған жәйт бойынша «кісі өлімі» бабымен қылмыстық іс қозғалып, кісі өлтірушіге іздеу жариялаған болатын.
Ішкі істер органдары құрылымдарына және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іздеу жіберілген еді. Арада 13 жыл өткен соң ғана сезіктінің көрші Өзбекстан Республикасында жасырынып жүруі мүмкін екені белгілі болды. Ол елге арнайы жедел-тергеу тобы жіберіліп, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 1981 жылы туған Өзбекстан азаматы қолға түсті. Қазіргі таңда Минск конвенциясына сәйкес қылмыстық іс процесуалды шешім қабылдау үшін Өзбекстан Республикасына жіберілді.