ОҚО-да 400-ден астам құрылыс нысандары заңсыз салынған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам құрылыс нысандары заңсыз салынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да 400-ден астам құрылыс нысандары заңсыз салынған

Бақтыбай Дүйсебековтың сөзінше, заңсыз салынған нысандардың иелері қажетті құжаттарды жинақтамай ғимараттарын тұрғызған. Бүгінде осындай заңбұзушылықтарды қайта ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттардың қожайындарына ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары қолға алыныпты. Сондай-ақ, нысандардың қызыл сызыққа түскен-түспегендігі де тексеріліп жатыр.

«Тиісті талапқа сәйкес заңсыз салынған көпқабатты үйлер олар орнынан алынады. Егер демалыс орындары болса өтемақы беріліп, тәркілеу жүргізіледі. Қаланың Бас жоспарына сай салынуы тиіс»,- дейді Бақтыбай Дүйсебеков.

Жауапты басқарма басшылары сонымен қатар облыста халық саны 5 мыңнан асатын 53 елді мекеннің бас жоспары бекітілгенін айтады. Ал, бүгінде тұрғындар саны аз болатын ауылдардың дамуы мен құрылыс салу сызбалары әзірленде екен.