ОҚО-да 54 жастағы ер адам пойыз астына түсіп, мерт болды
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кеше, 11 сағат 40 минутта Қорғасын стансасында 54 жастағы ер адам Шымкент-Арыс бағыты бойынша кетіп бара жатқан жүк пойызының астына түсіп, мерт болды.
Бұл жайлы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.