ОҚО-да 8 жасар қыз жол-көлік апатында көз жұмды
ШЫМКЕНТ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында болған жол-көлік апатының салдарынан 8 жасар қыз көз жұмды, деп хабарланды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Екпінді-Бірлік-Аққөл» тас жолында «Мерседес-Бенц-200» маркалы көліктің басқаруында болған Созақ ауданының тұрғыны, рульге ие бола алмай, жыраға аударылып кетті», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол-көлік апатының салдарынан көлікте болған жүргізушінің 8 жасар қызы алған аса ауыр жарақаттардан оқиға орнында жан тәсілім етті. Жүргізушінің 10 жасар ұлы «мидың шайқалу» диагнозымен және түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жетікізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Көлік құралын жүргізуші тұлғалардың Жолда жүру және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.