ОҚО-да 846 млрд теңгенің 119 индустриалдық жобасы іске асырылуда

Өздеріңізге белгілі Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздағы егемендік алғалы бері қарқынды дамып келе жатқан өңірдің бірі. Өндіріс саласы. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын табысты іске асыру басталғалы бері, құны 223,4 млрд теңгені құрайтын барлығы 143 жоба іске асырылып, 12,8 мың жұмыс орны құрылды. 2015-2019 жылдарға арналған екінші бесжылдықта 18,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Құны 846 млрд теңге болатын 119 жоба іске асырылуда», - деп атап өтті әкім орынбасары.
Оның xабарлауынша, 2016 жылдың 8 айында индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімдердің құны 65,9 млрд теңгеден асты.
«Жобалардың 90 пайыздан астамы жоспарлы қуаттылығын игерді. Ағымдағы жылы 803 жұмыс орнын құра отырып, құны 9,2 млрд теңге болатын 18 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда оның екеуі іске қосылған. Сонымен қатар аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және шағын, орта бизнесті жақсарту мақсатында 7 индустриалдық аймақ табысты жүзеге асырылып жатыр. Оның төртеуі аяқталу сатысында. Индустриалдық аймақтарда 12,2 мың жұмыс орнына арналған құны 197 млрд теңге болатын 164 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жыл соңына дейін 622 жұмыс орнын құра отырып, құны 7,6 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асырылуы күтіліп отыр», - деді Ұ. Сәдібеков.
Айта кету керек, тәуелсіздік жылдары ОҚО-да жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған xалықтың саны 60 пайыздан асты. Оңтүстік Қазақстан облысының xалқының саны тәуелсіздік жылдары 1 миллион адамға артып, 2,8 миллионға жетіп отыр.