ОҚО-да 9 сынып оқушысы суға кеткен жеткіншекті құтқарды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 9 сынып оқушысы суға батқан жеткіншекті құтқарып қалды. Нұрман Бауыржанұлы ағысы қатты Келес өзеніне батқан қызды жағаға алып шықан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Келеңсіз оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ораз ата елдімекенінде болған.  6-сынып оқушысы Аружан Жақсылық түс мезгілінде құрбыларымен бірге Келес өзеніне шомылуға барады. Ойын қызығымен жүрген ол абайсызда өзеннің қатты ағыс жағына өтіп кетеді. Жөнді жүзу білмейтін қызды қатты ағыс лезде лып кеткен. Мұны көрген құрбылары шулап қоя береді. Бұл айқай-шуды сол маңайда тұратын Нұрман есімді бала есітіп қалып, көмекке жүгіреді. Ол лайлы суға қойып кетіп, қызды алдынан күтіп алмақ болады. Алайда бұл кезде 13 жастағы қыз суға бір жола батып, көрінбей қалған. Кенет, оның үстіндегі көк көйлегі судың бетінде шыққан. Оған тұра ұмтылған  Нұрман қызды ұстап, әрең дегенде жағаға алып шығады. Ес- түссіз жатқан жеткіншекті жерге жатқызып, алғашқы көмек көрсеткен. Оған көмекке келген жеңгесі жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Сөйтіп жасөспірім осы екі жанның көмегінің арқасында ажал тырнағынан аман қалды. Аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде 3 күн жатып, өзіне келген Аружан бүгінде аман-сау, отбасына оралды.

null

Айта кетейік,  жас құтқарушы Нұрман Әлібаев 5-ші сыныптан бері дзюдо күресімен айналысады. Аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы. Республикалық жасөспірімдер арасындағы белбеулі күрестің жүлдегері. Осы спорттың арқасында ол суға кеткен оқушы қызды аман алып қалды. 

null 

Соңғы жаңалықтар