ОҚО-да 900 отбасы солтүстік өңірлеріне көшуге ниет білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков қатысты.
None
None

Мәжілісте жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік өңірлеріне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Обыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз кезегінде Ұ.Сәдібеков атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырып, Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға 900-ге жуық отбасы ниет білдірсе, жыл басынан бері 70-тен астам отбасы қоныс аударғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды реттеуге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тарапынан қолдау тауып, тиісті құзырлы органдарға нормативтік-құқық тық актілерді өгерістер енгізу арқылы сәйкестендіру тапсырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар