ОҚО-да алғаш рет жас режиссерлардың «Самғау-2017» кинофестивалі өтті
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, оңтүстіктің дарынды жастарын қолдау мақсатында ұйымдастырлған байқауға бастапқы кезде 100-ге жуық кино туынды ұсынылған болатын. Солардың арасында 17-сі іріктеліп алынды.
Фестивальға қтысушы жас режиссерлар отансүйгіштік қасиеттер мен ішкі туризм, спорт, жемқорлық пен мотивациялық, отбасылық құндылықтары мен әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, 20 минуттық қысқаметражды бейнефильмдер түсіру арқылы жастарға ой салуды көздеген еді. Фестивальда өнерде өзіндік орны бар азаматтар қазылық етті. Барлық шығармаларды қарап шыққан әділ қазылар үздік режиссерларды марапаттады. 
Байқауда «Ойлан», «Барыңды бағала», «Игра судьбы» және «Ғайша» атты қысқаметражды фильмдері көрермен көңілінен шықты. Төрт сағаттан астам уақытқа созылған кинофестивальде «Шыңырау» атты туынды топ жарып, бас жүлде мен 500 мың теңгені иемденді.
Ал, бірінші орын «Барыңды бағала» фильмі мен ең жас режиссер Рауан Ахмедовтың туындысы лайық деп танылды. Сөйтіп 400 мың теңге жүлдеге ие болды. Екінші орын мен 300 мың теңге сыйақыны Нұрғиса Агибаевтың «Игра судьбы» фильмі еншілесе, үшінші орын мен 200 мың теңге ынталандыру сыйлығы «Әке» фильмінің режиссерына берілді. Фестивальдің өтуіне мұрындық болған «Жастар ресурстық орталығы» енді игі шараны дәстүрге айналсақ деп отыр.
