ОҚО-да алимент төлемеген әке қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да алимент төлемеген әке қамауға алынды. Ордабасы аудандық соты бір жылға жуық уақыт баласына көмектеспеген тұрғынды уақытша қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше борышкер У.К өткен жылдың маусым айынан бері алимент төлемей келген. Салдарынан перзентінің алдындағы қарызы 213 421 теңгеге жеткен. Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабымен іс қозғалып, Ордабасы аудандық сотында қаралған. Әкімшілік іс материалдары бойынша өткен сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, алимент төлеуге жағдайым болмады деп түсіндірді.  Сот қаулысымен У.К. кінәлі деп танылып, оған осы баппен 4 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Аудандық сот қызметкерлері егер борышкер берешегін екі ай көлемінде қайтармаса, оның үстінен қылмыстық іс қозғалатынын айтады. Тіпті, бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. 

Соңғы жаңалықтар