ОҚО-да «Алтын Дән» ЖШС-нің диірменінде ірі өрт болды
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бейсенбі күні таңертең «Алтын Дән» ЖШС-нің жеті қабатты № 1 диірмені ғимаратының астық тазартқыш бункерлерінің
3, 4 және 5-ші қабат деңгейіндегі сыртқы ағаш қаптамалары өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.
Жалын екі сағатқа жуық уақыттан кейін жойылды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 120 адамы мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 240 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.