ОҚО-да анасына шындықты айтудан қорыққан қыз «мені алып қашты» деп алдаған

ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат- Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында кәмелет жасына толмаған қыз өзін алып қашып кетті деп анасы мен полицейлерді алдаған. Алайда жалған сөйлеген жасөспірімнің өтірігі артынан әшкере болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 ОҚО-да анасына шындықты айтудан қорыққан қыз  «мені алып қашты» деп алдаған

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 17-ге толмаған қызын біреулер белгісіз жерде заңсыз ұстап отырғанын айтыпты. Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 126-бабы бойынша (Бас бостандығынан заңсыз айыру) іс қозғап, жедел іздестіру шараларын жүргізген. Алайда іздеу шаралары кезінде жасөспірім қыздың айтқандары жалған екені анықталды.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысы сол күні сүйіктісімен бірге қыдырып, үйіне түн жарымда оралған. Алайда анасына ол жағдайды айтудан қорқып, өтірік оқиға ойлап тапқан. Қазір өңірдің тәртіп сақшылары жасөпірімнің үстінен 419-шы «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» бабымен қылмыстық із қозғады. Тергеу шаралары жүргізілуде.