ОҚО-да Арыс өзені арқылы өтетін көпірде жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысты, адам шығыны бар

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ОҚО-да Арыс өзені арқылы өтетін көпірде жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысып, 2 адам қаза болды.

ОҚО-да Арыс өзені арқылы өтетін көпірде жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысты, адам шығыны бар

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

13 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс-Шымкент тас жолындағы Арыс өзені арқылы өтетін көпірде «Фольксваген» машинасы мен «Хова» жүк көлігі түйісіп қалып, темір тұлпарлардың екеуі де суға аударылған.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жүк көлігінің жүргізісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жеңіл көлік жүргізушісінің мәйіті ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД суда құтқау қызметінің (6 маманы мен бір техникасы) күшімен судан шығарылды, жолаушының денесі іздестірілуде.